• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Желтоқсан, 2017

Петропавлда «Алаш» партиясының 100  жылдығына  арнап көрме ашылды

771 рет
көрсетілді

Облыстық музейде  «Алаш» партиясының 100 жылдығына арналған «Алаш. Бостандық хабаршылары» атты көрме жұмыс істей бастады.

«Көрме «Алаш» партиясының жұмысымен, оның алға қойған мақсаттарымен және міндеттерімен таныстыру, жас ұрпақты белсенді азаматтық тұрғыда тәрбиелеп, отансүйгіштікке баулу, Тәуелсіздігіміздің  құндылықтарын насихаттау  мақсатын  көздейді», дейді өңірлік музей бірлестігінің директоры Гүлнара Мұқышева.

Көрменің ашылу салтанатына  «Нұр Отан» партиясының өкілдері, еңбек ардагерлеры, ғалымдар, әскери институттың курсанттары, жастар қатысты.

«Алаш» қазақ  ұлттық партиясын құру туралы шешім Орынбор қаласында  өткен І Бүкілқазақ съезінде қабылданған.  А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Дулатов секілді ұлттық қозғалыс басшылары  қазақ мемлекеттілігінің негізін қалап, ұйымдастыру жұмыстарымен айналысқан. Саяси ұйым  бағдарламасында Қазақстанның автономия болуы, жалпылық сайлау құқығы, сөз, басылым бостандығы, жеке адамның дербес праволылығы, аграрлық саясат, тағы басқа көптеген саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелер қамтылған.

«Алаш қозғалысы», «Негізін қалаушылар және идеологтар», «І-ші Бүкілқазақ съезі. «Алаш» партиясының құрылуы», «ІІ Бүкілқазақ съезі», «Алаш-Орда Үкіметі», «Солтүстікқазақстандықтар - «Алаш» партиясының мүшелері» тақырыптары бойынша фотоқұжаттар,  материалдар тамашаланды. Алаштың ақиық ақыны М.Жұмабаев жайлы  құнды жәдігерлер қойылды.

 Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы